Бердыев ирандық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін
«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Құрбан Бердыев ирандық «Трактор» клубын баптауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің хабарлауынша, ирандық клуб 69 жастағы маманмен келісімге келіп үлгерген. Сондай-ақ, Бердыевтің келуі туралы ақпарат «Трактордың» ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде де пайда болғанын айта кеткен жөн.
Ирандық клуб 14 маусымда келісім-шарт жасау үшін келіссөздер жүргізгенін хабарлады.
6 маусымда «Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев пен клуб басшылығы тараптардың өзара келісімі бойынша ынтымақтастықты тоқтату туралы келісімге келген.
Оның жетекшілігімен «Қайрат» 2021 жылғы маусымда Қазақстан кубогын жеңіп алып, сол науқанда ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или