«Ақжайықта» Армения құрамасының ойыншысы қаралымда жүр

«Ақжайықта» Армения құрамасының ойыншысы қаралымда жүр

Жақын арада оралдық клубтың қатары Армения құрамасының футболшысымен толығуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы полтавалық Артур Даниелян «Ақжайыққа» қаралымға келді. Қорғаныстағы барлық позицияларды жауып тастай алатын қорғаушы оралдық командамен келісімшарт жасасуы мүмкін.

Даниелян Арменияның жасөспірімдер мен жастар құрамаларында ойнады, сонымен қатар ұлттық құрама сапына шақырылған, ол Еуро-2020 іріктеуінде Грекия мен Италияға қарсы екі ойында қосалқы құрамда болған.

Ойыншының бұрынғы клубы грекиялық «Пансерраикос» болды.

Беделді Transfermarkt.ru порталы Даниелянның нарықтағы құнын 175 000 еуроға бағалап отыр.

<span>Фото: FFA</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или