Қазақстандық футболшы ойнайтын клубтың басшылығы ауысты
Молдовалық «Динамо-Авто» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында, деп хабарлайды Prosports.kz.
Команда алғашқы спаррингті Албанияның «Тирана» командасына қарсы өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Автомобильшілердің» қазіргі құрамында 15-тен астам африкалық футболшы бар екені хабарланды.
«Динамо-Авто» клубында Украина мен Ресейдің футбол агенттері басқаратын жаңа басшылық бар. Клубтың негізгі міндеті Африкадан жас легионерлерді тарту болмақ.
Айта кетейік, сәуірде «Динамо-Авто» сапына қазақстандық жартылай қорғаушы Вадим Яковлев қосылды. 18 жастағы ойыншы Молдова чемпионатында бес кездесу өткізіп, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или