Игорь Шацкий Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтті өнерінің сырын бөлісті
Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі Игорь Шацкий Prosports.kz тілшісі Владимир Жарковқа берген эксклюзив сұхбатында Ұлттар лигасында төрт матчтық марафондағы эмоцияларын бөлісті.
- Игорь, ұлттық құрамада маусым айындағы керемет ойынмен және тамаша нәтижемен құттықтаймын!
- Көп рақмет. Құттықтауларды қабылдау әрқашан жағымды (жымияды).
- Қазақстан Ұлттар Лигасының маусым айындағы ойындарын жеңіліссіз өткізеді дегенге өздеріңіз сендіңіздер ме?
- Біз 24 мамырда жиналдық. Бәлкім, басында өз қабілетімізге деген сенімсіздік болған шығар, бірақ кейін күн сайын, әрбір жаттығудан, теориялық сабақтардан кейін сеніміміз арта берді. Ойын байланысын құрдық, тактикаға үлкен көңіл бөлінді. Әзербайжанды жеңгеннен кейін біз өзімізге сендік. Ойыннан кейін біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін, әрқайсы бірін-бірі сақтандыратынын, көмектесетінін, құтқаратынын түсіндік. Оған қоса, әрине, жанкүйерлер бізге көп қолдау көрсетті.

- Сіз осындай тығыз кестеде бұрын ойнап көрдіңіз ба - 11 күнде төрт матч және бәрінде де ауыспай ойнадыңыз.
- Жоқ. Бірақ ештеңе етпейді, біз баға жетпес тәжірибе алдық. Менің ойымша, барлық ойыншы осы қиын міндетті абыроймен орындады.

- Әр ойыннан кейін қазақстандық жанкүйерлердің өз командасына деген сенімі арта берді. Футболшылардың өзін-өзі бағалауы қалай өзгерді?
- Бірінші ойынға дейін кейбір сарапшы бізді шындап қабылдамағаны есімде. Дегенмен, көпшілік бізге сеніп, қолдады. Жанкүйерлерге, әсіресе Әзербайжанға қарсы бірінші ойынға келгендерге тағы да алғыс айтқым келеді. Толық трибунаны көрген ойыншылар өздеріне сеніп, жеңіске жетті.

– Ұлттық командадағы серіктестердің көпшілігіне қарағанда, сіз Магомед Адиевпен және оның жұмыс әдістерімен бұрыннан таныссыз. Қазақстан құрамасын жеңіске жеткізген бұл бапкердің жетістігінің сыры неде ?
– Иә, біз Магомед Мусаұлымен жақсы таныспыз. Ол мені жақсы біледі, мен де оны білемін. Біріншіден, ол керемет бапкер, тамаша тактик. Екіншіден, ең бастысы, ол құрметке лайық кісі! Әрқашан өз сөзіне жауап береді, тамаша мотиватор.

– Жексенбіде чемпионаттың «Қызыл-Жарға» қарсы кездесуін өткізесіз. Ең алдымен, ұлттық құраманың ойындарынан клуб матчтарына, толық стадиондардан бос трибуналарға ауысу психологиялық тұрғыдан қаншалықты қиын?
– Иә, ел біріншілігіне тезірек ауысу керек. Қалай болғанда да, ұлттық құраманың маусымдағы матчтарын қазірдің өзінде тез арада ұмытуымыз керек. Біз өз жұмысымызды сапалы орындадық. Сонымен қатар, біз Ұлттар лигасындағы міндетті әлі орындаған жоқпыз, тек шешуші қыркүйек ойындары алдында өзімізді жайлы психологиялық тұрғыдан қамтамасыз еттік. Алда бізді екі финал күтіп тұр.
Енді біз ішкі жарыстарға – Қазақстан чемпионаты мен кубогына ораламыз, сондықтан тезірек ауысу керек (жымияды). Бірақ бізді таңғалдыратын нәрсе аз - біз бос трибуналарды да, толы стадиондарды да көрдік.

Фото: ҚФФ, «Шахтер» ФК