«Қайрат» Гуральскиймен қоштасты
«Қайрат» Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральскиймен қош айтысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Яцек «Қайрат» сапына 2020 жылы қаңтар айында қосылды. Сол уақыттан бері Польша құрамасының жартылай қорғаушысы 37 матчқа қатысып, соның ішінде 4 ойын УЕФА Конференция Лигасы аясында өткізген.
2020 жылы Гуральский «Қайрат» сапында Қазақстан біріншілігін жеңіп алды, бір жыл өткен соң ел Кубогының иегері атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или