Байтана «Ақтөбе» сапына ауысуы мүмкін

Байтана «Ақтөбе» сапына ауысуы мүмкін

«Ақтөбе» өкілдері Қазақстан құрамасы мен «Тараздың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтанамен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейресми ақпарат бойынша, Таразда клубты қаржыландыру мәселесі туындай бастады. Осы себепті тараздық команданың көшбасшысы Бауыржан Байтана ақтөбеліктердің ұсынысын қарастырып жатыр.

Батысқазақстандықтардың өкілдері мен 30 жастағы шабуылшы ойыншы арасындағы келіссөздер бірнеше аптадан бері жүріп жатыр. Тараптар жақын арада келісімге келуі мүмкін.

ҚПЛ-да 12 турдан кейін 6 нәтижелі паспен Байтана турнирдің үздік ассистенті атанды, бір гол соқты. Ағымдағы маусымның сәуір айында Бауыржан чемпионаттың үздік ойыншысы деп танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или