«Тобыл» Непогодовпен қоштасты

«Тобыл» Непогодовпен қоштасты

Қостанайлық «Тобыл» қақпашы Дмитрий Непогодовпен қоштасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойыншымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. 34 жастағы қақпашы украин футболының түлегі. 2017 жылы «Тобылға» ауысты, Непогодов «Астана» және «Ордабасы» командаларында да ойнады.

2022 жылдың басында Қостанайға оралды.

2018 жылы Дмитрий Непогодов Қазақстан азаматтығын қабылдап, сол жылдың 19 қарашасында ұлттық құрама сапында алғашқы ойынынға қатысып, барлығы 12 матч өткізді.

«Тобыл» клубы футболшыға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, мансабын жалғастыру жолында сәттілік тіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или