«Зенит» Әліпті «Қайраттан» сатып ала ма?

«Зенит» Әліпті «Қайраттан» сатып ала ма?

«Зенит» пен «Қайрат» қорғаушы Нуралы Әліптің Санкт-Петербург клубына толық ауысуын талқылап жатқан жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Төлем және Әліптің толық трансфері туралы әлі де ақпарат жоқ. «Қайрат» Зенитпен келіссөз жүргізбеді, - деді «Қайраттың» баспасөз қызметкері Данияр Әділбеков.

Әліп «Қайраттан» Зенитке 2022 жылдың ақпан айында жалға берілген еді. Келісімнің мерзімі 2022 жылдың аяғында аяқталады.

Санкт-Петербург командасы сапында 22 жастағы футболшы барлық турнирде 12 матчқа қатысты. Transfermarkt порталы футболшының құнын 1,7 миллион еуроға бағалайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или