Филипович мамыр айының үздік ойыншысы атанды

Филипович мамыр айының үздік ойыншысы атанды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының мамыр айындағы үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік ойыншыны ҚПЛ командаларының бас бапкерлері мен капитандары дауыс беріп анықтады.

Сауалнама нәтижесі бойынша «Атырау» ФК шабуылшысы Андрия Филипович ай үздігі атанды. Мамыр айында өткен төрт ойында хорватиялық ойыншы 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас беріп, өз командасына 6 ұпай жинауға көмектесті.

Екінші орынды «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов иеленді. Астаналық команданың капитаны «Қайратпен» болған ойында хет-трик жасады, сонымен қатар екі нәтижелі пас берді.

«Астананың» тағы бір футболшысы Педро Эуженио үздік үштікті қорытындылады. Португалиялық шабуылшы өткен айда бес гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или