Чемпиондар лигасы: «Тобылдың» қарсыласы анықталды

Чемпиондар лигасы: «Тобылдың» қарсыласы анықталды

2022/23 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирге биыл Қазақстан атынан қостанайлық «Тобыл» қатысады. 

Бұған дейін «Тобылдың» мына командалардың бірімен кездесетіні белгілі болған: болгариялық «Лудогорец», румыниялық «ЧФР», венгриялық «Ференцварош», словениялық «Марибор» және люксембургтік «Дюделанж».

Жеребе нәтижесінде «Тобыл» алғашқы іріктеу кезеңінде «Ференцварош» (Венгрия) клубымен кездесетін болды. Қостанайлықтар алғашқы ойынды өз алаңында өткізеді. 

Бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесулері 5/6 шілдеде, ал қарымта ойындар 12/13 шілдеде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или