Бір кездесуде бес футболшыны ауыстыру ережесі тұрақты негізде қабылданды – IFAB
Халықаралық футбол ассоциациясы кеңесі (IFAB) кездесу барысында бес ойыншыны ауыстыру ережесі тұрақты негізде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетсек, бұл ереже 2020 жылы мамырда пандемия жағдайына байланысты қабылданған еді. Осыдан кейін командалар ойын барысында бес ойыншыны алмастыруға мүмкіндік алды. Оған дейін кездесуде небәрі үш футболшы ғана алмасатын.
Жаңа ереже бойынша командалар бес ойыншыны үш мәрте ғана ауыстыра алады. Сондықтан бір сәтте бапкерлер бірден 2-3 футболшыны жасыл алаңға шығарады.
«Бұл шешім әлемнің футбол қауымдастығы тарапынан үлкен қолдау тапты. Сондықтан осындай ұйғарым жасалды», - деп жазылған аталған ұйым таратқан хабарламада.
Алғашқыда ол 2022 жылдың аяқ шеніне дейін қолданыста болатынын көрсетілген.