Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі: тікелей трансляция

Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі: тікелей трансляция

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де УЕФА Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz

Бірінші кезеңге қатысатын 30 команда 3 топқа бөлінеді, әр топта «еленгендер» мен «еленбегендер» болады. Қазақстан чемпионы қостанайлық «Тобыл» бірінші топта «еленбегендер» қатарына түсті. Қостанайлық команданың қарсыласы болгариялық «Лудогорец», румыниялық «ЧФР», венгриялық «Ференцварош», словениялық «Марибор» және люксембургтік «Дюделанж» секілді командалардың бірі болады.

Жеңімпаз Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтеді, ал жеңіліп қалғандар Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне түседі. 

УЕФА Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңі жеребесінің тікелей трансляциясы 17:00-де басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или