Қазақстан - Словакия: Бірінші таймда жауапсыз екі гол соқтық

Қазақстан - Словакия: Бірінші таймда жауапсыз екі гол соқтық

<span> Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-турында </span>«Астана Аренада» Словакия құрамасын қабылдап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші таймнан кейін Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алда келеді. Матчтағы есепті 18-ші минут Ян Вороговский ашса, 39-шы минутта Эльхан Астанов есепті еселей түсті.

Бұл ойыннан кейін турнир кестесінде өзгерістер болуы мүмкін - жеңіске жеткен құрама С дивизионының 3-тобында көш бастайды, ал жеңілгені екінші орында болады. 

Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алады - Словакия құрамасынан төрт ұпайға озады. Кейін топтан шығуы үшін екі ұпай ғана жеткілікті болады. 

Алайда 6 маусымда Трнавада Қазақстаннан 0:1 есебімен жеңілген словактар әлі де топ фавориті саналады, олар сол статусын қайтарып, көш басына шығуға тырысатыны анық. 

Қазақстан – Словакия матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:50-де басталады және оны мына<span> </span>СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или