Садио Мане «Баварияға» ауысуға жақын

Садио Мане «Баварияға» ауысуға жақын

Англиялық «Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Мане германиялық «Баварияға» ауысуға жақын, деп жазды Фабрицио Романо телеграм-каналында.

Дереккөз мәліметінше, мюнхендіктер Манемен келісімшарт бойынша келісімге келген. «Бавария» «Ливерпульге» жаңа ұсыныс дайындап жатыр. Маненің өзі де Германияға ауысқысы келіп отыр. 

Өткен маусымда 30 жастағы Садио Мане «Ливерпуль» сапында 51 матч өткізіп, 23 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или