Айымбетов: Үш күн сайын футбол ойнау ауыр екен

Айымбетов: Үш күн сайын футбол ойнау ауыр екен

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Словакиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп жазады Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

– Үш күн сайын матч өткізу ойыншыларға қалай әсер етуде? 

– Қиынға соғуда. Бірақ амалымыз қанша, шыдауға тура келеді. Ертеңгі ойынға деген дайындық жақсы. Соңғы матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз. 

– Соққан голдарыңыздан кейін жанкүйерлер сізді Роналдуға теңеуде. 

– Әрине, Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды. Бірақ мен Аралдан шыққан Айымбетовпін. Бір күні сондай футболшы боламын деген үміттемін. 

– Қазақстан біріншілігі бел ортасына келді, ал Словакияда чемпионат аяқталып жатыр. Бұл біздің команда үшін артықшылық па? 

– Мұны ертеңгі ойын көрсетеді деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или