Словакия құрамасының қорғаушысы Петер Пекарик Қазақстанға қарсы матч туралы пікір білдірді
Футболдан Словакия құрамасының қорғаушысы Петер Пекарик Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы алдағы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұр-Сұлтанда өтетін кездесуде оның командасы Магомед Адиевтің шәкірттерінен топтағы көшбасшылықты тартып алуға тырысады. Пекарик бұған дейін Словакия Әзербайжанды жеңгені қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
«Қазақстанмен болған сәтсіздіктен кейін Әзербайжанды жеңгеніміз маңызды. Өзімізге деген сенімділікті қайтару үшін жеңіске жету керек болды. Мен соңғы дуэльді жеңе аламыз деп үміттенемін», - деп келтіреді Пекарик сөзін Sportnet.
Айта кетейік, <span>Қазақстан - Словакия матчы 13 маусымда елорда уақытымен 20:00-де басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или