Луис Энрике 2022 жылғы әлем чемпионатының екі негізгі фавориттерін атады

Луис Энрике 2022 жылғы әлем чемпионатының екі негізгі фавориттерін атады

Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике алдағы 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының негізгі екі фаворитін атады, деп хабарлайды Prosports.kz La Nacion басылымына сілтеме жасап.

«Аргентина қалған командалардан асып түседі. Бразилия да сол деңгейде.

Бразилия туралы айтып отырғаным, негізінен, бразилиялық БАҚ журналистері келіп: «Сіз Аргентинаны жоғары қоясыз» деп айтады. Сондықтан мен Аргентина мен Бразилия қалғандарынан әлдеқайда мықты екенін айтамын», - деп Энрикенің сөзін келтіреді La Nacion.

2022 жылғы әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или