«Тұран» футбол академиясының командасы Хорватиядағы жарыста бақ сынады
Түркістанның «Тұран» футбол академиясының жас футболшылары Хорватияда өткен «Dalmatinko Cup» халықаралық турнирінен оралды.
2009 жылы туған балалар командалары арасындағы сында қазақтың жас өрендері ширек финалға дейін жетті.
Хорватиядағы байрақты бәсекеде бақ сынаған «Тұран» футбол академиясының командасы топтық сында «НК Зара» (3:1) және «Заглебия» (2:1) командаларын жеңіп, «Динамо» (Загреб) клубына есе жіберді. Плей-офф кезеңінде «Воеводина» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ширек финалда Украинаның «Шахтері» қарсылас атанды. Тартысты өткен матчта біздің балалар 2:1 есебімен есе жіберді.
Жалпы Шығыс Еуропаның азулы футбол мектептерінің спортшыларымен сынға түскен «Тұран» футболшылары 24 команданың арасында үздік сегіздікке енді.