Зидан Почеттино отставкаға кеткеннен кейін ПСЖ-ны басқарады - инсайдер

Зидан Почеттино отставкаға кеткеннен кейін ПСЖ-ны басқарады - инсайдер

Зинедин Зидан Маурисио Почеттиноның орнына «ПСЖ» бапкері болып келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Даниель Риоло RMC радиосындағы L'After Foot бағдарламасында хабарлады. Айта кетерлігі, Риоло 2020 жылдың желтоқсанында Лионель Месси «ПСЖ»-ға ауысатынын хабарлаған, сонымен қатар сәуірде Килиан Мбаппенің «Реалға» ауысудан бас тарту және «ПСЖ» - мен келісімшартты ұзарту туралы шешімі туралы инсайд берген болатын.

Риолоның мәліметінше, жақын арада Маурисио Почеттино қызметінен босатылғаны ресми түрде жарияланғаннан кейін франциялық клубты Зидан басқарады.

Зидан «Реалмен» 2016 жылдан 2018 жылға дейін, сондай-ақ 2019 жылдан 2021 жылға дейін жұмыс істеді. «Реал Мадридпен» бірге бапкер 11 кубок иеленіп, Чемпиондар Лигасын қатарынан үш рет жеңіп алған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или