«Қайрат» ойыншысы Германия Бундеслигасында өнер көрсетеді
Яцек Гуральски Германияның «Бохум» командасына ауысу процесін аяқтап, Ұлттар лигасы матчтарына қатысу үшін Польша құрамасына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meczyki.pl-ге сілтеме жасап.<br /><br />«Қайрат» капитаны әрі Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың бірі Яцек Гуральски «Бохумның» медициналық тексерісінен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Польша құрамасының ойыншысы Германия чемпионатына ауысуға ниетті екенін айтқан.
Неміс маманы Томас Райс жетекшілік ететін «Бохум» Германия чемпионатының өткен маусымында 13-орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или