Еуро-2023: Қазақстан жастар құрамасы (U-21) іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын өткізеді
Бүгін Ыстамбұлда Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Еуро-2023 іріктеу кезеңі аясындағы соңғы кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Іріктеу кезеңі басталғанда-ақ мамандар Қазақстан жастар құрамасын І тобының аутсайдері аталған. Шынымен солай болды: Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері жеті ойында бір ұпай ғана жинап, турнирлік кестенің соңғы сатысында тұр. Жалғыз ұпайды өз алаңымызда өткен Шотландияға қарсы матчта (2:2) еншіледік.
Ал былтыр қазан айында Қарағандыда өткен Түркия жастар құрамасына қарсы алғашқы матчта Қазақстан 0:1 есебімен жеңілген болатын.
Матч Ыстамбұлдағы «Реджеп Тайип Эрдоған» стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или