Шымкентте «Реал Мадрид» футбол клубының мектебі ашылмақ

Шымкентте білім мен спортты қатар алып жүрген дарынды жастар да жаңа өмірге жолдама алды. Қаладағы №24 мектептің түлектері болашақта ең үздік футбол клубтарының сапында өнер көрсетіп, ел намысын қорғайды.

Тәжірибе ретінде таңдалған 11 «б» сыныбының оқушылары үш жыл бойы жаратылыстану мен математика пәндерін тереңірек оқып білді. Бос уақытында спортпен шұғылданды. Ұстаздар қауымы білікті шәкірттерінің болашақта тұлға болып қалыптасатынына сенімді.

Ұлжалғас Есім, №24 мектеп директоры:

- Балалар екі айлап, кейде апталап жаттығуда болады. Ал мұғалімдер осы уақыт аралығында өткен сабақты, пәнді жүйелеп қысқартып, балаларға қосымша сабақ өткізеді. Соның нәтижесінде олар сабақты да жақсы оқиды, спортпен де айналысады.

Бүгінгі салтанатқа сай киінген түлектердің жүзінде қуаныш пен бір-біріне деген қимастық лебі бар. Бір сыныпта оқыған 13 бозбаланың күні ертең әлемдегі ең үздік футбол клубтарының сапында өнер көрсетуі де ғажап емес. Бастысы, алдарына мақсат қоя біледі.

Шыңғыс Сәменов, жас түлек:

- Спортты жалғастыра беремін. Енді өзім кішкентайымнан футбол ойнап өскен соң бар өмірімді сонымен ұштастырамын. Кәсібімнің соңына таман жаттықтырушы боламын.

Өңірде соңғы жылдары қыздар футболы да жанданып келеді. Осыны ескерген болуы керек, FIFA басшылығы алғаш рет Қазақстанда қыздар арасында фестиваль өткізуді сеніп тапсырыпты. Алаңда теңбіл доп қуып жүрген жастардың футболға деген қызығушылығы басым.

Мария Худякова, №41 мектеп оқушысы:

- Маған футбол өте қатты ұнайды. Мен күніге далаға шыққанда адамдардың футбол ойнап жатқанын көремін. Мен өскенде ең күшті футболшы боламын.

«Қазақ жастары ел тарихында тұңғыш рет «Реал Мадрид» академиясында оқуға мүмкіндік алып отыр. Елімізде испаниялық футбол клубының мектебі ашылмақ. Ал мұндай шаралар жастардың спортқа деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді», - дейді жаттықтырушылар.

Бауыржан Әбдубайытов, «Биік» компаниясының президенті:

- Күзден бастап біз тарихымызда алғаш рет мектептер арасындағы қыздар футболының лигасын өткізбекшіміз. Мен бұны салауатты өмір сүру бағытындағы үлкен іс шараның бірі деп ойлаймын.

«24 мектептегі құзіретті тұлға тәрбиелеуге бағытталған жоба өз жалғасын таба бермек. Бұл жолғы таңдау 5 «д» сыныбына түсіпті. Ондағы шәкірттер шетінен дарынды, спорт сүйетін жастар», - дейді мектеп ұжымы.

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или