Дмитрий Мирошниченко «Тобылдан» кетті

Дмитрий Мирошниченко «Тобылдан» кетті

«Тобыл» футбол клубы қорғаушы Дмитрий Мирошниченкомен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Тараптар өзара келісім бойынша келісімшартты үзді.

Мирошниченко «Тобыл» сапына 2016 жылы қосылған. «Тобылда» ол 145 кездесуге қатысып, жеті гол соққан. 

- Клуб басшылығы мен жаттықтырушылар штабы футболшыға кәсіби шеберлігі мен команданың табысты болуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді, - деп жазды клуб.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или