«Астана» капитаны жарақатынан айығып, жаттығуға кірісті
«Астана» капитаны Абзал Бейсебеков жарақатынан айығып, жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
29 жастағы қорғаушы сәуір айының ортасында жарақат алып, Қазақстан чемпионатының алты матчына қатысқан жоқ. Биылғы маусымда ол ел чемпионатында бес ойында ғана алаңға шықты.
Айта кетейік, 12 матчтан кейін «Астана» 21 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр.
<span> <br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или