«Қаным қазақ, сондықтан Қазақстан сапында ойнағым келеді». Марате Хабиб - «Қайратқа» ауысу мүмкіндігі, отбасы және ұлттық құрама туралы

«Қаным қазақ, сондықтан Қазақстан сапында ойнағым келеді». Марате Хабиб - «Қайратқа» ауысу мүмкіндігі, отбасы және ұлттық құрама туралы

21 жастағы сенегалдық жартылай қорғаушы Марате Хабиб Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Қайрат» тарапынан қызығушылық, отбасы және Қазақстан құрамасында ойнау ниеті туралы айтып берді.

– Марате, ең маңыздысынан бастайық. Интернетте сізді алматылық «Қайратқа» ауысады деп жазып жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты қандай пікір білдіресіз?

- Жоқ, мен оларға әлі қосылған жоқпын. Қазіргі уақытта клубта қаралымдамын. Оларға ұнап, маған келісімшарт ұсынады деп үміттенемін.

– Алматылықтардың инфрақұрылымы қалай? Ол ТМД елдеріндегі ең үздіктердің бірі болып саналады.

- Бәрі ғажайып, алаңнан бастап, ғимараттар, клуб қызметкерлерінің мені жылы қарсалуы. Осы мүмкіндік үшін Құдайға шүкіршілік етемін.

– Карьераңыз туралы айтып берсеңіз? Бұрын қай жерде өнер көрсеттіңіз?

- Мен Оңтүстік Африка футболының түлегімін. Кәсіби карьерамды Оңтүстік Африкада бастадым, Highlands Park және Galaxy деген жергілікті клубтарда ойнадым.

- «Қайрат» тарапынан қызығушылық туралы айтып беріңізші, алматылық клуб сізге қалай шықты?

– Менің агентім Алексей Бондаренко – танымал ресейлік маман Виктор Бондаренконың ұлы. Виктор мені Құрбан Бердыевке ұсынды, өйткені олар жақсы достар. Бірақ, өкінішке қарай, клубқа келгенімде Бакиұлы одан кетіп қалған.

– Қазақстаннан бөлек басқа елдерден ұсыныстар болды ма?

– Иә, маған Түркия мен Данияның бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр. Мен жартылай қазақпын, осында әдейі келдім, анам қазақ болғандықтан бұл шешіміме риза болды.

– Отбасыңыз туралы толығырақ айтып өтсеңіз.

- Менің анам алматылық, ал әкем Дакардан (Сенегал астанасы - еск. Prosports.kz). Алматыда туыстарым көп, сондықтан мен мұнда өзімді үйдегідей сезінемін.

- Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы табыстарын бақылап жүрсіз бе?

– Иә, мен ұлттық құраманы бақылаймын, жағдайы қалай екенін үнемі тексеріп отырамын. Айта кетерлігі, мен соңғы ойындарды көре алмадым, бірақ Қазақстанның Словакияны жеңгенін білемін, бұл командалық рух үшін өте жақсы.

– Мүмкіндік туса, халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғағыңыз келе ме?

– Иә, мен бір күні ұлттық құрамада ойнағым келеді – бұл менің арманым. Қазақстан сапында ойнауға мүмкіндігім болады деп үміттенемін.

Фото: ашық дереккөздерден

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или