«Адиев дұрыс қадам жасады». Али Алиев жаңа бапкердің ұлттық құрамадағы жұмысы туралы айтты

«Адиев дұрыс қадам жасады». Али Алиев жаңа бапкердің ұлттық құрамадағы жұмысы туралы айтты

Қазақстандық маман Әли Әлиев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Словакия мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынға (0:1) пікір білдіріп, Магомед Адиевтің жұмысы туралы ойымен бөлісіп, «Қызыл-Жардың» Конференция лигасына дайындығы туралы айтты.

– Ұлттық құраманың кешегі соңғы ойынын көрдіңіз бе? Эмоция қандай?

- Иә, әрине, көрдім. Жақсы нәтиже көрсеткені үшін командаға деген мақтаныш сезім бар. Көбісі футболдың Қазақстанға керегі жоқ десе, кейбірі тіпті оның абыройын түсіріп жатыр деп дауласады. Сондықтан, алаңға шығып, ештеңеге қарамастан барын салған жігіттерге мың алғыс. Біздің елде футболға көп сын айтылады. Дегенмен, осындай сәтте өзіңді қайрап, алға ұмтылуға тырысасың.

Сын көбіне орынды айтылады, бірақ тисе терекке, тимесе бұтаққа деп айта салатындар да бар. Ұлттық құраманың бұл екі ойыны болашақ бар екенін, тек дұрыс жолмен жүріп, инфрақұрылымды дамыту керек екенін, содан кейін ұзақ жылдар бойы Еуропаның ортаң қол командасына айнала алатынымызды көрсетті. Жігіттерге, жаттықтырушылар штабына және ұлттық құрамадағы ойыншыларды дайындап, көмектескендердің барлығына тағы да мың алғыс. Ең бастысы – эмоционалды фон, біздің командалар мен балалар жақсы жағдайда жаттығып, ұлттық құрама ойыншысы болып өсуіне еліміздің бірінші басшылары назар аударады деп сенемін.

– Жаңа бас бапкер Магомед Адиевтің ұлттық құрамадағы жұмысы қалай? Десе де, оны бұл қызметке тағайындағанда көптеген жанкүйерлер абдырап қалды.

– Кез келген жаттықтырушының жұмысы нәтижесімен бағаланады. Кейін сарапшылар өз ойын айтады. Бүгінде Магомед Мұсаұлы мен оның жаттықтырушылар штабы аз уақыттың ішінде бірнеше матч өткізетін жағдайға тап болды. Сонымен қатар, жарақат алған және басқа себептермен ойынға қатыса алмайтын футболшылар да бар. Сондықтан бүгін біз тек нәтиже бойынша баға береміз, ал бүгін бізде: 6 ұпай.

Кез келген жаттықтырушылық қызмет сынға ұшырап, қошеметпен сүйемелденеді. Менің ойымша, бұл қадам дұрыс жасалды және Стойловпен екінші орыннан кейін Ұлттар лигасында сәтті өнер көрсетуге жақсы мүмкіндік бар. Сербияда сәтті ойнасақ (Беларусьқа қарсы), онда біз шынымен де В дивизионына шығуға тырысамыз. Қазіргі уақытта рейтинг 5 деген баға беремін. 

– Жақында сіз баптайын «Қызыл-Жар» халықаралық аренада ел намысын қорғайды. Петропавлдық ойыншылар еуропалық жарыстарға дайын ба, команда алдында қандай міндеттер тұр?

– Чемпионат пен ел кубогы матчтары арқылы Конференциялар лигасының ойындарына дайындық жүріп жатыр. Көңіл-күй көтеріңкі, жігіттер өздеріне сеніп тапсырылған жауапкершілікті түсінеді. .

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или