Быстров Қазақстан құрамасына неге келмегенін түсіндірді

Быстров Қазақстан құрамасына неге келмегенін түсіндірді

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы жорығын бастамай тұрып ресейлік «Ахматтың» қорғаушысы Марат Быстров алдағы ойындарда құрамаға көмектесе алмайтыны белгілі болған.

Бұл жағдайды Prosports.kz тілшісіне футболшының өзі былай деп түсіндірді:

– Ұлттық құрамаға келген жоқпын, себебі, біріншіден, мықынымдағы жарақат біраз уақыттан бері мазалап жүрген. Көптен бері емделуге тырысып жүрмін, бірақ оған ұзақ үзіліс болмған жоқ. Екіншіден, мамыр айының ортасында бронхит байқалды, қазір антибиотик курсын алып жатырмын», - дейді ойыншы.

Айта кетейік, 3 маусым күні Нұр-Сұлтанда Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды 2:0 есебімен жеңді. Ал бүгін түнде сырт алаңда Словакиямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или