Бердыев «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

Бердыев «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

«Қайрат» футбол клубы команданың бас бапкері Құрбан Бердыевтің қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт қос тараптың өзара келісімі бойынша бұзылды. 

- Құрбан Бекиұлымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетеді. 

Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған. Жартылай қорғаушы позициясында алматылық клуб жейдесінде 160 ойын өткізген.

90-жылдардың басында, Құрбан Бекиұлы ассистент және бас бапкер ретінде «Қайратты» баптады, 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды.

2021 жылы Бердыев Алматылық клубқа қайта оралды, алғашында бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметінде болды, кейін негізгі команданың бас бапкері атанды. «Сары-қаралар» Бекиевтың баптауымен алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсетті, сонымен қатар Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

«Қайрат» футбол клубы Құрбан Бекиұлына және көмекшілеріне, атқарылған жұмыс үшін шын жүректен алғыс білдіреді және алдағы уақытта тек сәттілік тілейді! - деп жазды алматылық клубтың баспасөз қызметі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или