Диалло - Бірінші лиганың мамырдағы үздік ойыншысы

Диалло - Бірінші лиганың мамырдағы үздік ойыншысы

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша Біріншіліктің үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік футболшыны Бірінші лига командаларының бапкерлері мен капитандары дауыс беру арқылы анықтады.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айда Бірінші лиганың үздік футболшысы болып «Қайсар» шабуылшысы Адама Диалло атанды. Бапкерлер мен капитандардың дауыстарын қосу нәтижесінде африкандық ойыншы 20 ұпай жинады.

Екінші орынды иеленген «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Руслан Сақалбаев 18 ұпай жинады. 17 ұпаймен үздік үштікке «Оқжетпес» командасының шабуылшысы Руслан Болов кірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или