Уэльс құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды
Уэльс құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олар Катарға жолдама берілетін плей-офф кезеңінің финалында Украинаны 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды 34-минутта Гарет Бэйлдің айып добынан кейін Андрей Ярмоленко өз қақпасына соғып алды.
Осылайша, Уэльс 64 жылдан кейін әлем чемпионатына жолдама алды. Олар Катарда Англия, Иран және Америка Құрама Штаттарымен бірге В тобында бақ сынайды. Турнир 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.
Айта кетейік, Уэльс әлем чемпионатына тарихта екінші рет қатысқалы отыр. Алғаш рет сонау 1958 жылы өнер көрсеткен. Онда ширек финалға дейін жетіп, Бразилиядан жеңілді (0:1).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или