Жұмағұлов Молинаға қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) Instagram парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жако жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
«Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу. Баршаңызға рахмет қолдау көрсетіп, жазып жатқандарыңызға. Өз жағымнан барлық жағдайды жасадым, бірақ әр адамның өз тағдыры бар дегендей , бүгін өкінішке орай шешім қарсыласыма бұйырды .
Қандай жағдай болмасын, әр нәрседе жақсылық бар деген ойдамын. Алда не күтіп тұрғанын бір Алла біледі», – деп жазды Жұмағұлов Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 207 турнирінде қазақстандық файтер америкалық Джефф Молинадан (10-2) төрешілер шешіммен (29-28, 28-29, 30-27) жеңілген болатын.