Қазақстан ұлттық құрамасы Словакияға Ұлттар лигасының екінші ойынына аттанды
Қазақстан құрамасының ойыншылары мен бапкерлер құрамы 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі екінші ойынын өткізетін Словакияға ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Ойын 70 000 адам тұратын Трнава қаласында өтеді. Қазақстан - Словакия матчын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ал, белгілі болғандай, ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген сыртта Словакия мен Беларусь құрамаларына қарсы ойнамайды. Әзірбайжанмен болған кездесуде капитанның миы шайқалып, командамен бірге ұшпай қалды. Ол 13 маусымда словактарға қарсы өз алаңында ойнайтыны хабарланды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или