Тағыберген Словакияға қарсы матчқа қатыспайды
«Тобылдың» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен Трнаваға ұшпады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық құрама капитаны Ұлттар лигасының бірінші турында Әзірбайжанға қарсы ойында (2:0) басынан жарақат алған. Жаттықтырушылар штабы жетекші ойыншыларының бірінің денсаулығына қауіп төндірмеуге шешім қабылдады.
Тағы бір айта кетерлігі, әзірбайжандармен болған кездесуде Тағыберген нәтижелі пас берген болатын.
Ұлттық құрама бапкерлері орталық жартылай қорғаушы 13 маусымда өз алаңында Словакиямен өтетін ойында командаға көмектеседі деп үміттенеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или