Оганесян Армения құрамасы сапында Ирландияны жеңді
Армения құрамасы Ұлттар лигасы аясында (В1) Ирландияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ереванда өткен ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз гол 74-минутта Эдуард Сперцян соқты.
«Астана» клубында өнер көрсететін армениялық ойыншы Камо Оганесян бұл матчта негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут өнер көрсетті.
Армения құрамасы келесі кездесуін 8 маусымда сырт алаңда Шотландияға қарсы өткізеді, Ирландия сол күні Украинаны қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или