Қазақстан жастар құрамасы Даниядан ірі есеппен ұтылды
Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Данияға қонаққа барды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері топтағы 7 ойынның алтауында жеңілді. Тек бір кездесуде (Шотландиямен) тең түсіп, бір ұпай ғана жинады. І тобында соңғы орында тұр.
Қазақстан жастар құрамасы осы іріктеу кезеңіндегі соңғы матчын 10 маусым күні сырт алаңда Түркияға қарсы өткізеді.
Дания U-21 – Қазақстан U-21 – 3:0
Гол соққандар: Густав Исаксен 1, Мауритс Кьергор 25, Альберт Гренбек 90
Дания U-21: Мадс Хермансен (Қ) (К) – Мортен Френдруп, Фредерик Винтер, Яфет Сери, Расмус Карстенсен – Николас Мадсен (Мадс Бидструп 63), Мауритс Кьергор, Мэттью О'Райли (Виктор Йенсен 63) – Мохамед Дарами (Альберт Гренбек 86), Густав Исаксен (Себастьян Йоргенсен 74), Маттиас Квистгаарден (Расмус Хейлунн 63);
Қазақстан U-21: Данил Устименко – Сағи Совет, Әділбек Жұмаханов, Жалғас Жақсылықов, Лев Скворцов (Дамир Марат 76) – Арсен Буранчиев, Дамир Қасаболат, Дінмұхамед Қараман (Сұлтан Сағнаев 69) – Станислав Басманов (Данияр Үсенов 69), Еркебұлан Сейдахмет (Жаслан Жұмашев 82), Иван Свиридов (Абылайхан Назымханов 82).