Франция — Дания матчы кезінде 39 адам ұсталды

Франция — Дания матчы кезінде 39 адам ұсталды

Париж полициясы Ұлттар лигасы аясында өткен Франция - Дания матчы (1:2) кезінде «Стад де Франс» стадионы маңында 39 адамды ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- «Стад де Франс» маңында тәртіпті қамтамасыз еткен полиция мен жандармдар 39 адамды қамауға алды, - деп хабарлады полиция Twitter желісінде.

Бір оқиға метрода даниялық жанкүйердің телефоны мен банк картасын ұрлауға байланысты болса, екінші бір оқиғада күдікті бақылау бекетін айналып өтіп стадионға кіруге талпынған.

Айта кетейік, ұған дейін УЕФА Париждегі Чемпиондар лигасының финалын ұйымдастыру сапасы үшін кешірім сұраған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или