Погбаға «Ювентус», «ПСЖ» мен «Реал Мадрид» көз тікті

Погбаға «Ювентус», «ПСЖ» мен «Реал Мадрид» көз тікті

Поль Погбаға «Ювентус», «ПСЖ» және «Реал Мадрид» қығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап

The Telegraph мәліметінше, «Манчестер Юнайтедтен» бос агент ретінде кету туралы ресми түрде жарияланғаннан кейін жартылай қорғаушы болашағы туралы шешім қабылдауға асығып жатқан жоқ.

Француз үшін күресте «Ювентус» көш бастап тұр, бірақ «ПСЖ» мен «Реал» да ойыншыға таласып жатыр. Ол осы клубтардың ұсыныстарын қарастырады.

«Реал» «Монако» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамениді сатып алу арқылы жартылай қорғанысты күшейткісі келеді. Клуб алаңның ортасын нығайтудың басқа нұсқаларын қарастырған кезде Погбаның кандидатурасына жүгінген. «ПСЖ» көптен бері Польға қызығушылық танытып келеді.

Өткен маусымда жартылай қорғаушы «Манчестер Юнайтед» сапында 27 матч өткізіп, 1 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді (оның төртеуі АПЛ-дың 1-турындағы «Лидске» қарсы ойында). 10 сәуірден бері ол жарақатына байланысты ойнаған жоқ. Осы себепті ол Ұлттар лигасы матчтарында Франция құрамасында жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или