Асхат Тағыберген: Командадағы атмосфера керемет

Асхат Тағыберген: Командадағы атмосфера керемет

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Әзірбайжанмен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Асхат, Әзербайжанмен болатын матч жайлы не ойлайсыз?

- Бұған дейін Әзірбайжанмен 8 рет ойнаған екенбіз. Төртеуінде жеңіске жетсек, екеуінде жеңіліппіз, ал екі ойын тең аяқталды. Сондықтан бұл біз жиі кездесетін команда саналады. Алдағы матчқа тас-түйін дайынбыз. Жаңа бас бапкеріміз біге олардың мықты және әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Сондықтан ертең алаңда бар күшімізді саламыз.

- Сіз «Тобыл» сапында алыс қашықтықтан гол салып жатасыз. Ұлттық құрамада сондай жойқын соққыларды жасамауыңызға не себеп?

- Бұл менің де өзегімді өртеп келе жатқан мәселе. Алыстан соққы жасап, гол салу былай тұрсын, ұлттық құрамада әлі бірде бір гол соқпадым. Бірақ бұл жағдайды түзетуге тырысамын. Ұлттық құрама болған соң қарсылас командаға үздік ойыншылар жиналады. Соған байланысты жолым болмай жүрген шығар. Бірақ ертең гол соғамын деп ойлаймын.

- Соңғы матчтардың бірінде жарақат алып қалдыңыз. Жаттығу жұмыстары Сіз үшін қалай өтті?

- Жаттығуға 100 пайыз қатыстым. Ол жағдайдан бері 2 апта өтті. Аздап миым шайқалған екен. Юрий Логвиненконың тізесі тиіп кетті, бірақ ол да әдейі жасамады. Футбол болған соң, әртүрлі жағдайлар орын алады. Десе де, қазір жағдайым жақсы. Мен үшін уайымдап жатқандарыңызға рақмет айтамын.

- Ұлттық құрамаға жаңа әрі жас ойыншылар шақыртылды. Тәжірибелі футболшы ретінде оларға қалай көмектесіп жатырсыз?

- Әрине, оларға білгенімізді айтып, барлық жағынан қолдап жатырмыз. Командадағы атмосфера керемет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или