«Тұран» баскетболдан ел чемпионы атанды

Баскетболдан қыздар арасында Түркістандағы «Olympic Center» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының ХХХ чемпионатының шешуші кезеңі өтті. Аталған сынға еліміздің іріктеліп шыққан ең үздік 4 командасы қатысты. Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы керемет шеберлігін көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Түркістандық арулар бас жүлде үшін болған тартыста Ақмола облысының «Оқжетпес» командасымен 4 рет кездесіп, 3:1 есебімен жеңді. Шешуші сында алаң иелері ақмолалық қарсыласынан 54:49 есебімен басым түсті. Қос мықтының тартысқа толы бәсекесін мамандар жоғары бағалады.
Чемпион атанған «Тұран» командасы мен күміс жүлдеге ие болған «Оқжетпес» командасын және үздік ойыншыларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен спорт саласының басшылары арнайы марапаттады. Жылдың үздік ойыншысы (MVP) болып түркістандық Залина Куразова танылды. Оған арнай ықұрмет көрсетілді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қолдауымен құрылған «Тұран» спорттық ойын түрлері клубы қысқа уақытта айтулы жеңістерге қол жеткізіп үлгерді. Қыздар ел чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. 2021 жылы «Тұран» жастар құрамасының ерлер командасы Қазақстан Республикасының күзгі чемпионатында топ жарса, «Тұран» әйелдер командасы кубоктың жеңімпазы атанған болатын. Скачано в боте: @instasaverbotbot