Ұлттар лигасы: қазақстандық футболшылардың құны Беларусь құрамасынан қымбат екені анықталды
Беларусьтің Pressball.by сайты Ұлттар лигасының «С» дивизионында өнер көрсететін Беларусь пен Қазақстан құрамаларындағы ойыншылардың бағаларын салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәліметтер Transfermarkt сайтынан алынған. Белорустардың қазіргі құрамы 13,40 млн еуроны құраса, ең қымбат ойыншысы – Евгений Яблонский (1,20 млн еуро).
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы қарсыластарынан қымбатырақ болып шықты.
УЕФА рейтингінде 125-орында тұрған құрамамыздың жалпы құны 17,10 млн еуроға тең. Ең қымбат ойыншы – Нұралы Әліп (1,70 млн еуро).
«Зенит» футболшысы Әліптен бөлек Сергей Малый, Исламбек Қуат пен Артур Шушеначевтің де бағасы 1 млн еуроны құрайды. Ал ең қымбат қақпашы – Мұхаммеджан Сейсен (600 мың еуро).