ҚПЛ: «Тобыл» мен «Тараз» арасындағы матчтардың уақыты өзгерді
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы қостанайлық «Тобылдың» ҚПЛ аясындағы «Таразға» қарсы матчты кейінге қалдыру туралы өтінішін қарады, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі «Тобыл» футбол клубының тарапынан келген өтінішті қарастырып, «Тараз» футбол клубының келісімімен, Қазақстан чемпионаты 25-туры аясындағы «Тобыл» - «Тараз» ойынының өтетін күнін 2022 жылы 29 қазаннан 21 тамызға және сәйкесінше 13-турдағы «Тараз» - «Тобыл» кездесуін 2022 жылы 21 тамыздан 29 қазанға ауыстыру туралы шешім қабылдады, - деп жазады ҚКФЛ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или