Әзербайжан жасөспірімдер құрамасы Қазақстанға қарсы матчтарға қатысатын ойыншыларды анықтады

Әзербайжан жасөспірімдер құрамасы Қазақстанға қарсы матчтарға қатысатын ойыншыларды анықтады

Футболдан Әзірбайжан (U-19) жасөспірімдер құрамасы 2-10 маусым аралығында Габалада жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Azerisport.com хабарлауынша, оқу-жаттығу жиынына 25 футболшы шақырылған, олардың барлығы жергілікті клубтарда ойнайды. Дайындық барысында Әзірбайжан құрамасы қазақстандық құрдастарымен екі жолдастық кездесу өткізеді (7 және 10 маусымда).

Айта кетерлігі, Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 2 маусымда «Талғар» СТБ-да басталады. Бұдан кейін жастар құрамасының аға бапкері Вахид Масудовтың шәкірттері Габалаға аттанып, онда алаң иелерімен екі кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или