Әзербайжан құрамасының қорғаушысы Қазақстанға қарсы матч туралы пікір бөлісті
Футболдан Әзербайжан құрамасының қорғаушысы Бахтияр Хасанализаде azerisport.com сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасының С3 тобындағы 3 маусымда Нұр-Сұлтанда Қазақстан құрамасына қарсы матч туралы пікір бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Дайындық жақсы жүріп жатыр. Күнделікті жаттығып жатырмыз. Қазақстан құрамасы – мықты, күресуді білетін команда. Сырт алаңда бізге оңай болмайды. Бірақ қалай болғанда да жеңіс үшін күресу керек. Біз қарсыласты талдаймыз, дайындаламыз. Кім алаңға шықса, бәрі жетістікке жетуге тырысады.
Иә, алдағы матчтардың кестесі тығыз (10 күнде 4 ойын – еск.), бірақ барлық командалар үшін бірдей. Біз әр кездесуде күресіп, нәтижеге жетуге тырысамыз», - деді Хасанализаде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или