Бензема Чемпиондар лигасының 2021/2022 маусымындағы ең үздік ойыншы атанды
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Кәрім Бензема Чемпиондар лигасының 2021/2022 маусымының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы УЕФА ресми сайты хабарлады. Бензема 12 матчта 15 гол соғып, турнирдің үздік бомбардирі атанды. Сонымен бірге плей-офф кезеңінде 15 голдың 10-ын соқты. Сондай-ақ 34 жастағы француз шабуылшысы бір нәтижелі пас берді.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының 2021/2022 маусымының финалдық ойынында мадридтік «Реал» «Ливерпульді» 1:0 есебімен жеңген болатын. «Корольдік клубтағы» жалғыз голды бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или