Ұлттық құрама ойыншылары жанкүйерлермен кездесті
УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымы қарсаңында елордадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншыларының қатысуымен автограф-сессия ұйымдастырылды.
Елдос Ахметов, Игорь Шацкий және Нұралы Әліп жанкүйерлер жүздесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар қолтаңба қалдырып, естелік суреттерге түсті.
Іс-шарада әртүрлі байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Қазақстан мен Әзербайжан матчының билеттері сыйға тартылды.
Өз кезегінде жанкүйерлер УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымына сәттілік тіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или