Әзербайжан құрамасы Қазақстанмен ойынға шақырту алған құрамын жариялады

Әзербайжан құрамасы Қазақстанмен ойынға шақырту алған құрамын жариялады

Әзербайжан құрамасының бас бапкері Джанни Де Бьязи УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды .

Тізімге 26 футболшы енді.

Әзербайжан құрамасы 3 маусымда Нұр-Сұлтанда Қазақстанмен, 6 маусымда Сербияның Нови-Сад қаласында Беларусьпен, ал 10 және 13 маусымда Бакуде Словакия және Беларусь құрамасымен кездеседі.

Қақпашылар: Салахат Агаев («Сабах»), Эмиль Балаев («Тұран», Қазақстан), Шахруддин Магомедалиев («Карабах»);

Қорғаушылар: Бадави Гусейнов, Максим Медведев, Бахлул Мустафазаде, Торал Байрамов, Аббас Гусейнов (бәрі — «Карабах»), Гисмат Алыев, Джалал Гусейнов (екеуі де — «Зире»), Ходжат Хагверди («Сумгайыт»), Антон Кривоцюк («Висла» Плоцк, Польша), Азер Салахлы («Нефчи»), Бахтияр Гасанализаде («Сабах»);

Жартылай қорғаушылар: Ричард Алмейда, Гара Гараев (екеуі де — «Карабах»), Джошгун Диниев («Зире»), Эдди Исрафилов, Эмин Махмудов (екеуі де — «Нефтчи»), Алексей Исаев («Сабах»), Анатолий Нуриев («Сумгайыт»), Дмитрий Назаров («Эрцгебирге Ауэ», Германия);

Шабуылшылар: Рамиль Шейдаев («Карабах»), Намик Алескеров («Бурсаспор», Турция), Ренат Дадашов («Тондела», Португалия), Махир Эмрели («Динамо» Загреб, Хорватия).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или