Қазақстан құрамасы жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы жастар құрамасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиыны аясында өтетін ойын 29 мамыр күні «Астана Арена» стадионында жабық режимде өтеді.

Қазақстан жастар құрамасы 30 мамырдан бастап «Талғар» базасында дайындығын жалғастырады, содан кейін Еуро-2023 іріктеу матчына Данияға аттанады.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасы 3 маусым күні Әзербайжанды қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или