«Тұран» академиясының командалары халықаралық жарыста бақ сынайды

«Тұран» академиясының командалары халықаралық жарыста бақ сынайды

«Тұран» футбол академиясының U-10 және U-12 командалары әлемнің үздік клубтарына қарсы ойнайды.

Грекия астанасы Афина қаласында 27-29 мамыр аралығында өтетін Elite Neon Cup турниріне «Тұран» футбол академиясы шақырту алды. 2010 және 2012 жылы туған балалардан құралған екі команда халықаралық жарыста бақ сынайды.

Elite Neon Cup турниріне «Тұраннан» өзге Украинаның «Динамо Киев», Ресейдің «Зенит» пен «Олимп», Румынияның ACS Juniorul командалары қатысатынын растады.

Бұған дейін Elite Neon Cup турнирінде «Ювентус», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Галатасарай», «Боруссия Дортмунд», «Аполэл», АЕК, «Олимпиакос» секілді әлемге танымал клубтардың академиялары бақ сынаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или