«Рома» – Конференция лигасының жеңімпазы

«Рома» – Конференция лигасының жеңімпазы

УЕФА Конференция лигасының жеңімпазы анықталды.

Финалда Италияның «Рома» және Нидерландының «Фейеноорд» командалары кездесті.

Командалар бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсетті. Екеуінің де гол соғатын көптеген мүмкіндігі болды. Ойынның 32-минутында италиялық командадан Николо Дзаньоло гол соғып, командаын алға шығарды.

Екінші кезеңде де командалар есепті өзгертуге бар күшін салды. Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Осылайша «Рома» биыл тұңғыш мәрте өткізілген Конференция лигасының жеңімпазы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или