Зайнутдиновтің командасын «Уотфордтың» бұрынғы бапкері жаттықтыруы мүмкін

Зайнутдиновтің командасын «Уотфордтың» бұрынғы бапкері жаттықтыруы мүмкін

ЦСКА-ны сербиялық маман Владимир Ивич жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sport-express.ru-ға сілтеме жасап.

Мәскеулік клуб «Уотфорд» пен ПАОК командасының бұрынғы бапкерін шақыруға ниетті.

Бұған дейін клубта бір маусым жұмыс істеген Алексей Березуцкийдің қызметінен кететіні туралы ақпарат шыққан.

Ивич «Уотфордта» 2020 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін жұмыс істеді. Содан бері ол жұмыссыз жүр.

Айта кетейік, ЦСКА сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или